Поэзиям менің – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Поэзиям менің» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 611
Күннің күлкісінен тамып түстің бе?
Кемпірқосақтан жарып түстің бе?
Әлемді оятқан – алып күшсің бе,
Найзағайдай – поэзиям менің!

Жап-жасыл тылсым көктем бе едің,
Ғасырлық қайғы шеккен бе едің?
Сағыныш сазын төккен бе едің?
Гүлге шомылған – поэзиям менің!

Қызғаныш-оғы құлатқан ба еді,
Аллам сыйлаған бұлақтан ба едің?
Тал жапырағын жылатқан ба едің?
Тәтті-мұңды поэзия менің!

Ақырзаманда тұр – түнеріп, жер шын,
Қамыққандарға нұр алып келсін!
Сендей боп, бәрі қуанып көрсін,
От боп жанған – поэзиям менің!

Алып үмітпен жағылды бұл күз,
Мөлдірлігіңмен сағымды жүзгіз!
Жүректерге иман байлығын кіргіз,
Поэзиям менің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері