Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой!

Бұл бетте «Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2164
Қорықпаймын,
Құйындардан мен деген,
Долы соққан дауылы да жеңбеген.
Тағдыр атты,
Ақ кемемді басқарам,
Өмір-теңіз толқындары тербеген.
Бек Жылқыбаев
* * *

Қорықпа інім,
Құйыннан да желден де.
Әлі талай асарың һақ белден де.
Өз жараңды өзің жалап жазғансың,
Алға қарай аяңдай бер, емдел де.
Өмір жайлы сұра інім сен менен.
Алыптарды жыққан өмір,-Мен- деген.
Сол өлеңмен ауырамын аһ ұрып,
Сол өлеңмен аяғында емделем.
Өн бойымды қуанышқа бөлеген.
Көз жасымды көл ететін сол өлең.
Жығылғанда жігер беріп жаныма,
Жүрегімді емдейтін де сол өлең.
Жаны нәзік ақын жүрек жасасын.
Тағдыр солай, одан қалай қашасың?
Өлең сенің ақ қанатты пырағың,
Әлі талай асулардан асасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бек атты ақын інімнің өлеңін оқығаннан соң туған ой! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері