Төрт елдің туын тіктің Астанаға

Бұл бетте «Төрт елдің туын тіктің Астанаға» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1187
(Дархан Қыдырәліге)

Туған күн қошеметпен өтті бүгін.
Дарабоз, көрініп тұр тектілігің.
Өсірген ұл қызыңның рахатын көр,
Мал жаның аман болсын, төрт түлігің.
Шығаратын әлемге қазақ атын.
Ел сүйген,
Елін сүйген азаматым.
Төрт саны ежелден ақ қасиетті,
Төрт құбылаң тең болсын қазанатым.
Құрғақ сөз,
Кімге керек құрғақ өлең.
Бауырыңның жырымен нұрға бөлен.
Капелімде сөз таппай ойға баттым,
Болмаса жан едім ғой жырлар өлең!
Аталы сөз айтар бір қасиетім.
Қырық төрт жас, төрт саны қасиетің.
Төрт ұлды аманат қып берді Алла,
Анамыз бар алдында бас иетін!
Қазіргінің өздерің, арыстары!
Көп болған жоқ өзіңмен танысқалы.
Төртеу түгел болса егер, бағың тасып,
Тілегенің келеді ғарыштағы.
Қадірі жұрттан ерек асқан аға.
Ақыл жастан,
Ал, асыл тастан, аға.
Түркі елінің таймаған бағын көксеп,
Төрт елдің туын тіктің Астанаға.
Тарланы, дарабозы кемел елдің.
Әзірбайжан орденін егелендің.
Осылай тілегімді арнайыншы,
Қазіргі басшысына Егеменнің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрт елдің туын тіктің Астанаға өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Төрт елдің туын тіктің Астанаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрт елдің туын тіктің Астанаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төрт елдің туын тіктің Астанаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері