Үркер

Бұл бетте «Үркер» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1553
Даналар бар бәйтерек, ол да бір түп!
Намысыңды алатын жыртып, жыртып.
Атынан ат үркетін ағалар бар,
«Үркер» – дейді,
Кетпесін атың үркіп.
Жандар бар әр қадамын есеп қылған.
Жамандар бар жақсыны өсек қылған.
Үкілеген үркерлер адасып жүр,
«Үркер» – емес, айнала – «Есекқырған».
Көсеудейін бұл не күн, көсеп түрған?
Мен емес, елді алдаған, өсек қуған.
Шолпан жұлдыз болмадым деп күйінем,
Ақ таңға шапағатын төсеп тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үркер өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Үркер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үркер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үркер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері