Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1550
Туғаныңдай болса екен ғой, барша адам,
Бағын ойлап, бауырының шаршаған.
Құр елеспен арманына жете алмай,
Өтіп жатыр бұл өмірден қанша адам.
Асығатын жұмысынан үйге тек.
Барың болса, сыртқа емес, үйге төк.
Бұйырғанын ноқталашы бауырым,
Пайдасы үшін жүргендерді сүйме тек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері