Береке бірлігіңнің бастауы – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Береке бірлігіңнің бастауы» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1715
Береке бірлігіңнің бастауы – Әйел,
Басыңнан бақ шіркіннің қашпауы – Әйел.
Есіктегі басыңды төрге сүйреп,
Жамандықты жуытпай тастауы – Әйел.
Жаман болса алғаның сорың – Әйел,
Шатқаяқтап тұратын зорың – Әйел.
Жасыңда да, кәрілік келгенде де,
Құдай басқа бермесін қорың – Әйел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері