Ауылыма
Алыстан келем сағынып сені Қайыңды...
Тұрсың ба солғын тартқан жүзіңмен байырғы...
Сен солма ауыл гүлдей бер гүлде өркенде...
Сені ойлап шын ақ, бөбегің жиі қайғырды...
Алыстан келем аңсадым құмың, суыңды...
Ақтарам барып бойдағы сырым, мұңымды...
Ойылды еске алып қандырам кейде шөлімді...
Топырағыңды ойласам бойым жылынды...
Барам да ертең, Ойыл өзен жақтардан...
Естеліктерді еске алам бала шақтардан...
Барлығы сенің сандығыңда сақталған...
Балалық шағым күніңе жүзім қақталған....
Мектебім анау, арманның көзі басталған...
Өзіңде біткен бойыма жігер басты арман...
Бәріне қарап ескі күндерде еске алам...
Естелік қалған талдардан, ағаш, тастардан...
Естеліктерім арманға мені бастаған...
Ойылым биыл....
Ойылым биыл арнаңнан шығып тасып ал...
Тасып ал биыл! Өкпеңде солай басылар...
Сағынуға да шамасы жетпей жүрме екен...
Өзіңде өсіп, өңген кешегі батырлар...
Соларға деген өкпеңді басып тасып ал...
Қарауға саған қарауға дәтім жетпей жүр...
Болмайды ау сен деп құр жүруге төкпей жыр...
Тасып ал да көрсетші маған бір ғажап...
Әйтпесе мына сыйқыңа тілім жетпей тұр...
Қандай болмасың барыңмен маған қымбатсың...
Жырлаудан сені жырлаудан ешбір тынбаспын...
Мен тек сын айтам жүзіңде бір мін тұрғасын...
Өкпемді айтам жаным ашитын болғасын...
Тілегім біреу басыңа дәулет орнасын...
Тілі барлар тым болмаса үндестік үшін жырласың...
Ақшасы барлар мін түзеу жағын қолға алсын...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі