Бермей кетіп жүрмеші, береріңді – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Бермей кетіп жүрмеші, береріңді» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1139
Бермей кетіп жүрмеші, береріңді.
Әй досым, білесің бе өлеріңді.
Әр түнде тажал саған үңіледі,
«Алла»- ғана шешеді, көреріңді.
Аллам ғана шешеді, шешіп қана.
Жұмақ, тозақ екі жол, есік қана.
Ол дүниені білмеймін тербетер ме,
Бұл дүниеде тербетер бесік қана!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері