Ақ қарға ораныпты – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Ақ қарға ораныпты» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1158
Ақ қарға ораныпты,
Алатау атырабы.
Тудың деп құшағымда,
Өзіне шақырады.
Қыс түсті Астанада,
Қарлары жатыр әні,
Аулымда терек- талдың,
Түспепті жапырағы.
Мен өскен алтын ұям
Оралып келемін мен.
Өмірді сүйіп келем,
Дем берген өлеңіммен.
Жұмақтай сені сүйіп,
Құшақтап өлемін мен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері