Қызыл диплом – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Қызыл диплом» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 3034
(ініге тілек)

Көз алдымда өткен күн елестері.
Қызыл құжат алған күн емес пе еді?!
Қуанышым қойныма симаған күн,
Маңдайымды аймалап жел ескені.
Ол да бір ауыр еңбек жемісі еді,
Ол да бір тағдырымның белестері.
Қызыл құжат, гүл етсін өміріңді.
Жасартсын, жабырқатпай көңіліңді.
Бір кірпіші өзіңсің шаңырақтың,
«Сүйінші»- деп көтерген көңілімді.
Бәйтеректей атаңның жолын берсін,
Өйткені бұл ағаңның жолы мұңды.
Көк тудай желбіретіп, тұлымыңды.
Ұлықтайтын кез келді, ұлығыңды.
Ата-анаң марқаяды көріңдер деп,
Бәйгеден оза шапқан құлынымды.
Мерейің үстем болса Аян інім,
Дұшпаның лайлай алмас тұнығыңды.
Біреулердің өмірде тағы басым.
Біреулердің басында бағы басым.
Біреулердің бес елі маңдай соры,
Әркімге бір еліктеп нағыласың.
Адам боп қалсаң егер, түсінгенім,
Алғыстан алтын алқа тағынасың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл диплом өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Қызыл диплом өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл диплом өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл диплом өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері