Жиен іні Ақберенге – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Жиен іні Ақберенге» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1361
Сұраған жанға бақ берем.
Қалағаныңды ап берем.
Дейді екен Алла, – қолдасын,
Бақытты болсын Ақберен.
Тірегің болсын Ақберен.
Жүрегің болсын Ақберен.
Жақсы оқы, ұлы адам бол,
Келінді өзім ап берем.
Жас қосылсын жасыңа.
Ержүрек бол, жасыма.
Тепкілесең де кетпейтін,
Бақ-дәулет қонсын басыңа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері