Ақындық жұқсын бауырым

Бұл бетте «Ақындық жұқсын бауырым» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1795
Берсе екен санасына, ақылына,
Ұл тартып кетпесе екен, жатырына.
– Аға – деген даладай атағы бар,
Ағалар бар, сөзі өтпес қатынына.
Қатынды қысып алып тақымыңа,
Қарассаң кем болмайсың жақыныңа.
Інім–ау, бабалардың бағы қонсын,
Ақназардай жас талант ақыныма.
Батырлық, байлық, билік тегімізде,
Не жоқ дейсің, інім-ау тегі бізде.
Қатын жолда қалсыншы, тәңір атқан,
– Тегі ұлы – балалар бар белімізде.
Адассаң жас кезіңде адас жаным,
Жасың келіп жеткенде адаспағың.
Атаң айтқан «боркемік» болма інім,
Төңкеріліп кетсе де қара аспаның.
Бұл өмірде қарағым адаспағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындық жұқсын бауырым өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Ақындық жұқсын бауырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақындық жұқсын бауырым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақындық жұқсын бауырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері