Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай,
Керенау өткен сол күндер үшін қызармай
Жүре берер ем,
қиналып-ақ жүр қу жаным,
Қимастық дейтін
нәзік бір қылды үзе алмай.
Сұлбасы сұлу жалмауызына жалғанның
Бақыт шығар деп
басымды иіп сан бардым.
Жұмсақтығымнан жылпосқа қанша талансам,
Құрсақты мұңнан жыр туар сонша,
аңғардым.
Бұйығысың деп бетіме баспа,
бес күнім,
Бұйығылар да жанартау етер өксігін.
Тағдырыма енген тайқы маңдайлы тарланның,
Тау жақтан бүгін дауысын тағы естідім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері