Сүймеуді ақыры үйреніп те алдым – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Сүймеуді ақыры үйреніп те алдым» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1414
Сүймеуді ақыры үйреніп те алдым,
Айналдым жанға сезімсіз мүлде.
Күйінен шықтым күйреуік халдің,
Қалғанда жалғыз өзіңсіз бірде.

Жібіместейін жүрегім қатты,
Сағыну енді жат ұғым маған.
Әлеміңде мен мұң едім тәтті,
Қонақ екенмін шақырылмаған.

Ертеңді ойға алып, өкінбе бұрын,
Бақытты бүгін жанбыз білгенге.
Жалғызсың. Тыныш өтуде өмірің,
Айыққан дерттен жалғызбын мен де.

Жетілмей сезім түйнегі балғын,
Солып та жатыр қалың бау мына.
Сүймеуді сен де үйреніп алғын,
Үйреніп алғын сағынбауды да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері