Ақын Ә. Аймақпен қоштасар сәтте – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Ақын Ә. Аймақпен қоштасар сәтте» атты Дәурен Айманбетов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1397
Көңiлiм елең-алаң.
Неге осы өледi адам?
Тағы бiр жайсаң өттi,
Әбiлда деген ағам.

Әбеке, Әбекем-ай,
Жылуға жаны өте бай,
Қара өлең құлагерi,
Рухани хан әкем-ай.

Қонақ боп келдiң кеттiң,
Сенбеймiн, сендiрмек кiм?
Соңғы рет көргенiмдi,
Дәл кеше мен бiлмеппiн.

Соны ойлап әуремiн көп.
Соңғы рет сау дедiм кеп.
«Думанды болсын деп ең»,
О сонда «дәуренiң» деп.

Күңірене қала жатыр,
Табытта дана жатыр.
Өзiңдi жерлеу үшiн,
Бiр топ жас бара жатыр.

Бiр топ жас ақындарың,
Жаныңа жақындарың,
Табытың - қоныр түстi
Жылатып жатыр бәрiн.

Қош аға, қош болыңыз,
Иманға дос болыңыз.
Сағынсам ендi сiздi,
Жұбатар бес томыңыз.
Жұбатар бес томыңыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын Ә. Аймақпен қоштасар сәтте өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Ақын Ә. Аймақпен қоштасар сәтте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын Ә. Аймақпен қоштасар сәтте өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын Ә. Аймақпен қоштасар сәтте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері