Өлең, жыр, ақындар

Сен және мен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1854
СЕН ПЕРІШТЕ, МЕН ПЕНДЕ,
СЕН ПЕЙІШТЕ, МЕН ЖЕРДЕ.
МЕН ПЕРІМІН, СЕН АДАМ,
МЕН БӘРІМІН.
СЕН АДАЛ!

СЕН ЖҰМАҚ ТА, МЕН ТАМҰҚ,
СЕН ШУАҚ ТА, МЕН ҚАУІП.
МЕН АҚЫНМЫН, СЕН МУЗА,
МЕН ЖАҚЫНМЫН.
СЕН ҰЗАҚ!

СЕН БАР АҢСАР, МЕН ҚИЯЛ,
СЕН ҚАЛАМСАП, МЕН СИЯҢ.
МЕН ҚИЯН БІР, СЕН ҰШЫН,
МЕН ЗИЯНМЫН, СЕН ҮШІН.

СЕН ОҚЫРМАН, МЕН ОЙЫҢ,
СЕН АҺ ҰРМА, МЕН ОЙЫН.
МЕН ҚУ ДЕРТПІН, СЕН СЕНБЕ,
МЕН ТҮНЕКПІН, СЕН СӨНБЕ!

СЕН ҒАЖАПСЫҢ, МЕН КІРБЕҢ,
СЕН АЗАТСЫҢ, МЕН ТҮРМЕҢ.
МЕН ЖАЛЫНМЫН, СЕН ТИМЕ,
МЕН БАЛ "У"-МЫН, СЕН СҮЙМЕ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен және мен өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Сен және мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сен және мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен және мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар