Өлең, жыр, ақындар

Ұлы дала ұрпақтары

Ұрпақпыз біз!
Көк бөрідей қаһарман,
Сақ,ғұндардан
Тамырымыз нәр алған.
Зобалаңда етігімен су кешкен,
Хас батырдан жаралған.
Ұрпақпыз біз!
Өз күшімен құрған
Қазақ ордасын,
Сызат салмай
Сақтап қалған тау-тасын,
Өзі аш боп жатса дағы қиналып,
Қонағына бөліп берген сорпасын.
Ұрпақпыз біз!
Текті болған жандары,
Ұйқы көрмей өткен талай таңдары.
Алғашқы хан салған дара ақ жолды,
Тәуке менен Абылайлар жалғады.
Ұрпақпыз біз!
"Елім-ай"деп үн қатқан,
Кедергі боп әрбір жерде тұр қақпан.
Тұтқиылдан келген жоңғар сабына,
Бір атаның баласындай оқ атқан.
Ұрпақпыз біз!
Шешендікпен танылған,
Дау-дамайда үш билерге ағылған.
Бірер-екі ауыз ғана сөзбенен,
Жау аяғын өз еліне қайырған.
Ұрпақпыз біз!
Желтоқсанда алаң кезген сескенбей,
Өздерінің жастарын да ескермей,
Өзі өлімге кесіліп бара жатса да,
Қайрат аға адал болды дес бермей.
Ұрпақпыз біз!
Репреcсия бар құрбаны,
Жазықсыздан кінә тақты сұмдары.
Халық көзін тырысып ед ашуға,
Ал олардың қысқарып қалды жолдары.
Ұрпақпыз біз!
Әлия мен Мәншүк сынды қыздардың,
Бауыржан мен Төлегендей ұлдардың,
Қайғы менен қасіретті көрсеткен,
Ұмытылмас салқын сызы жылдардың.
Ұрпақпыз біз!
Қанға сінген ақындық,
Халық пенен қойғандайын жақын ғып,
Ыбырай мен Абайлар бар қазақта,
Өлеңдерін тұмар қылып тағындық.
Ұрпақпыз біз!
Бақыт сыйлап өткен ата-бабамыз,
Сарынына тарихтың
Толып тұрған санамыз.
Нәсіп еткен тәуелсіздік жетті ғой
Енді біздер жұлдыз болып жанамыз.
Осы ұрпақтың жемісінің арқасы
Бүгінде біз бұл әлемде дарамыз.
Нұр ағаның салып берген жолымен,
Биіктерге бірге жылжып барамыз.
Бостандықты қазақ қайсар сақтады,
Арайлы таң елімізде атқалы,
Талай жылдар бірге болды бізбенен,
Егемендік дейтін ұғым ақпары.
Ұрпақпыз біз!
Көріп өткен ашаршылық,жоқты да,
Аямастан сезіп өткен соққы да,
Жердің бетін жеті айналып өтсең де,
Дәл осындай ұрпағы бар,
Ұлы дала жоқ,сірә!
Ал,бүгінде өзге елмен теңдеспіз,
Ешкімге де бұл мұраны бермеспіз,
Көзіміздің қарасындай сақтап-ақ,
Азат күнде өмір сүре бермекпіз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз