Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей – Дәурен Айманбетов

Бұл бетте «Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей» атты Дәурен Айманбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 837
Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей,
Шыбын жан қалды неге күйбелеңдей.
О тоба, мен тағы да ғашықпын ба,
Бiр сезiм шақырып тұр сүй дегендей.

Сезiмнiң сиқыры арбап қойған ба шын,
Қайран бас қалайша ендi айналмасын.
Көз алдым құбылжыған гүл-гүл әлем,
Кiлемдей қызыл-сары жайған жасыл.

Көрмейтiн жан-ем сүю межесiн мен,
Айырды-ау бұл ғашықтық тез есiмнен.
Масайып алған сынды шарап iшiп,
Неге екен барам айнып өз осьiмнен.

Берiлiп қала берем ерсi мұңға,
Мәжнүн боп кеттiм бе екен мен шынында.
Сағымдай қолды бұлғай бергенiңше,
Бағымдай селсоқтырмай келшi мұнда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бiлмеймiн түстiм селсоқ күйге нендей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері