Өлең, жыр, ақындар

Мен және ол

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 02.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1094
Мен менсінбегем.
Ғашық болса алдыма келсін дегем.
Сұлуларды қос-қостан сүйіп жүріп,
Серілерден өзімді кемсінбегем.
Ол ғашық-тұғын.
Жеңе алмаған бойдағы жасықтығын.
Жырларымды жастанып жатады екен,
Көншімейтін көңілдің басып қылын.
Мен қарамағам.
Елжіретіп, жүрегін жаралағам.
Жауабымды берген-ем әспенсініп,
Құрбысы ма, араға салғанда адам.
Ол жылады, рас.
Баса алмастан сезімнің құмарын аш.
Өкіне ме жай-күйін білдіргенге,
Мен бар жерде қызарып, тұрады пәс.
Мен менмен боппын.
Оған аса ешбір мән берген жоқпын.
Қырандайын тәкаппар жерге түспей,
Мекендеппін арасын жер мен көктің.
Ол бой да жеткен.
Күйіп мендік аямас ойнап отпен.
Айналама зер салсам жалғыз екем,
Жанымдағы сәнқойлар қайда кеткен?
Мен қалдым жалғыз.
Дәурені өткен бүгінде салбыр жанбыз.
Бар ма, жоқ па, баяғы мені сүйген,
Үш жас кіші балауса, балдырған қыз.
Ол мың қыстығып,
Жүр ме деймін өзімді қылмысты ғып.
Таптым іздеп жақында, бәрі де бос,
Көрші ауылға кетіпті тұрмыс құрып.
Мен өкіндім, рас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен және ол өлеңінің авторы кім?

Дәурен Айманбетов — осы өлеңнің авторы.

Мен және ол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен және ол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәурен Айманбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен және ол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері