Бұл бетте «Мен бүгін көктен егіз Ай көрдім» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен бүгін көктен егіз Ай көрдім,
Ақ зелен көмген аққу жамалын.
Деуші едім саған, неге ұзай бердің?
Ақыры міне, таптым жауабын.
Толқи жүзеді сәулесін төгіп,
Біреуі дөңге,
Біреуі көлге...
Қиялдың тәтті әуресіне еріп,
Қыдырып сонда жүремін мен де.
Перідей сұлу назды қылықпен,
Тартады сапар көк теңізінде.
Артынан қуып азғын үмітпен,
Тұрамын қарап өткен ізіне.
Мен бүгін көктен егіз Ай көрдім,
Ақ зелен көмген аққу жамалын.
Деуші едім саған, неге ұзай бердің?
Ақыры міне, таптым жауабын!...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі