Ғажап па едің, ей, өмір?! – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ғажап па едің, ей, өмір?!» атты Алма Түсіпбекова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1441
Арқау болдың жыр-ағынға,
Тұнжыратса тұнық түн.
Құшағыңа құладым да,
Бар мұңымды ұмыттым.
Ұмыттым мен бар мұңымды,
Сездім өмір кеңдігін.
Тарғыл түсті тағдырымды,
... Сүйіп қалдым мен бүгін!
Жарып шықты жүрегімді,
Сезім деген бір шыбық.
Қабыл еткен тілегімді,
Керемет пе ең, тіршілік?!
Көзге жас ап жәудір аспан,
Дейді - өмірді сүйе біл!
Махаббатпен маужыратқан,
Ғажап па едің, ей, өмір?!
Жаным осы қалып-күйді,
Көтерумен тұр әрең.
Бізбен бірге талықсиды,
Мазасыздау мына әлем.
Бақыт!
Қандай байтақ, ұлы?!
Ақыл-естен жаңылдым.
Азабының қайтарымы –
Бар екен ғой, Тәңірдің!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажап па едің, ей, өмір?! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ғажап па едің, ей, өмір?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажап па едің, ей, өмір?! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғажап па едің, ей, өмір?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері