Ақын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Ақын» атты Баянғали Әлімжанов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.11.2020
  • 0
  • 0
  • 883
Ақын деген
Болу керек андай деп,
Әлде, бәлкім, мындай деп...
Қиын өзі
Әрі қызық сұрақтың
Дәл жауабын
Қақ маңдайдан қойып қап
Тақ­тақ еткен таңдай көп.
Шынында да туады екен
Нағыз ақын қандай боп?!
Қия кезіп көз талған,
Қиял қуып сөз сауған,
Ақылдың тартқан азабын
Алтын іздеп жез таудан...
Ақын деген жарықтық
Бір жағынан қарағанда
Біртүрлі,
Және қызық
Бір жағынан қарасаң!
Үлгі қылып
Данте,
Пушкин,
Абайды,
Мұқағали,
Есенин мен Высоцкий ағайды,
Қиялында қора жасап
Қоғамдар
Сорттап, соттап
Ақындарды қамайды!
Жүрегінен нұр шашады
Нағыз ақын халыққа.
Сыймайды олар қағидаға,
Қалыпқа.
Ақын деген
Мөлдір,
Ғажап
Ағын ғой...
Теңемеңдер
Патшаға да
Алыпқа.
Жер мен көктің
Ортасында ол бір құс
Қас қағымда
Барып қайтар ғарышқа.
Ғарыш сырын
Жаныменен сезініп,
Адамзатты шақыратын
Шырқау биік,
Алысқа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері