Көрімдік – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Көрімдік» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1060
Күйге толып күмбiр бақ,
Құстар көктен ұшқанда,
Сәуiрменен сыңғырлап,
Көктем келдi қыстауға.
Бала-шаға, кәрi де,
Жаңа туған «жырау» ұл,
Мәре-сәре бәрi де,
Шығандағы бір ауыл.
Осы күнге жеткеннiң
Кеудесiнде бiр-ақ жыр.
Көрiмдiгiн көктемнiң
Бiр-бiрiнен сұрап жүр.
Айтып едi өткен күн,
Әжей тұрып азанда,
Сыбағасын көктемнiң
Салып жатыр қазанға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері