Асығып жүр жайлауға
Бұл бетте «Асығып жүр жайлауға» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ең алғашқы иiрiм,
Ең алғашқы жауында
Ақбоз айғыр үйiрiн
Айдап келдi ауылға.
«Ал, алдынан шығыңдар», –
Деп тұр қария Байбақты.
Күзде кеткен құлындар
Терлiк салар тай бопты.
Жүгiрiстi жылқыға,
Бiрiн-бiрi жұрт ертiп.
Тұмса туған қулықтың
Екi емшегi тұр тертiп.
Шопан жiгiт асығыс,
Жұмысы жоқ басқамен.
Керегенiң көздерiн
Тартып жатыр таспамен.
Қаз, үйректi қоса атып,
Көл жағалап жүр атам.
Арқа-басын босатып,
Күлде жатыр бір атан.
Ішкен асың татыр ма,
Бұл ауылға келмей гөр.
Сүр жайып жүр шатырға
Сары қарын жеңгейлер.
Сары қымызды күткендер
Құмар бие байлауға.
Қыз-бозбала бiткендер
Асығып жүр жайлауға.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі