Жайлауда – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Жайлауда» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1041
Бозбала босағада байлаулы аттай,
Қан-құрыш қазанында қайнау таппай.
Бойжеткен ұядағы балапандай,
Талпынып ұша алмайды, жайлау жатпай.
Ал, күндiз көз қысқанмен айла бiтiп,
Түн болса әр кеудеде жайнады үміт.
Ғашықтар алтыбақан құрып тастап,
Жүредi бiрiн-бiрi сайда күтiп.
Махаббат таусыла ма жырланып боп,
Ол өзi – мөлдiр теңiз, бiр мамық көк.
Қыз – гүлдер, қызыл гүлдер асыр салар,
Көзiнен үлкендердiң ұрланып кеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері