Бұл бетте «Суға емес» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.11.2020
0
0
1062
Суға емес, мен жарыққа шөлдеймiн,
Ой – электр, күнi-түнi сөнбеймiн.
Уақыттың станогымен өзiмдi
Қайта-қайта өңдеймiн.
Көремiн де бiр сәуленi ақ-қылаң,
Алдымдағы армандарға аптығам.
Қайратымның спорт залын жаңғыртып,
Жалғыз жүрiп жаттығам.
Қайықтардай қалмау үшiн қайырлап,
Дүниеге дүрбi салам пайымдап.
Мен өзiмдi әр сапарға шығарам
Ғарышкердей дайындап.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі