Қызыл гүл – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Қызыл гүл» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 965
Сұлулардың сымбатын мөлдiретiп,
Махаббатты келемiн мен жыр етiп.
Қара көздер қоя ма, кезiккенде
Жiбередi жүректi елжiретiп.
Сал-сезiмдi бойдағы бөрiктiрiп,
Елжiретiп, кетедi елiктiрiп.
Калай ғана иiскемей кете аласың,
Қызыл гүлдi көзiңмен көрiп тұрып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері