Анау шыққан көп атты – Сайлаухан Нәкенов

Бұл бетте «Анау шыққан көп атты» атты Сайлаухан Нәкенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 782
Анау шыққан көп атты
Калай карай беттедi?
Неге, неге оқ атты,
Неге қуып жетпедi?
Бiр түлкiнi алғанға
Неменесiн жыр қылар?
Күн кешкiрiп қалғанда
Құр қиқулап жүр бұлар.
Бiрi қағып қойнауды,
Бiрi шығып беткейге.
Қашқан аңның барлығын
Алдына сап кетпей ме?
Шаршады ма аттары,
Неге үйiлдi апанға?
Iнге тығып жатқаны
Ала шайы шапан ба?
Бұйрығын айт, бұйрығын,
Пау, аңшылық оңай ма?!
Көрсеткенмен құйрығын,
Қойып кетер тоғайға...
Әнебiреу немене
Караң еткен ояңда?
Бұғып қалған сужурек
Қара құлақ қоян ба?
Әлде қойды торыған
Қасқыр ма екен айлакер?
Алдын алмай, соңынан
Қуғандарың, әй, бекер.
Қасқыр десем, қарсақ па,
Аттарынды шаршатпа...
Ой дегенiң осылай
Жүгiредi әр саққа.
Көңiл нұрға толғанмен,
Мұның бәрi елес қой.
Тәнiм сырқат болғанмен,
Ойым ауру емес қой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері