Алып кетшi көгiңе жерден менi
- 0
- 0
Алып кетшi көгiңе жерден менi,
Жалықтырды жаһанның сергелдеңi.
Кеңiстiктiң лебi ыстық керiмсалы
Емдер ме едi мендей бiр шерменденi...
Бұл бетте «Сіңіліме» атты erzhankyzy жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
erzhankyzy — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде erzhankyzy өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Алып кетшi көгiңе жерден менi,
Жалықтырды жаһанның сергелдеңi.
Кеңiстiктiң лебi ыстық керiмсалы
Емдер ме едi мендей бiр шерменденi...
Өткен күннiң есте қалар қай күнi,
Аққудың да суалмай ма айдыны?
Төлегенше кiм сүйедi Жiбектi?
Мəжнүн болып кiм iздейдi Лəйлiнi?
Па, шiркiн, биiң қандай, биiң қандай?!
Ыстық қан ындыныма құйылғандай.
Сыймайтын сахнаға сылаң қағып,
Сыған да құдайына сиынғандай.
Қарап жүрмей жүрегiмдi сыздаттың,
Ой – телегей,
Телегейге шым баттым.
Жан-жүректi жарылқар ма екенсiң –
Соңы мен бұл өмiрдiң басы қайда?! –
Аспанда адасып жүр асыл Ай да.
Ақ жүзi алабұртқан, айналайын,
Ақ қарды айналаңа шашып ойна!
Тақуаша табынып Елес-күнге,
Тағдырыммен, бiлмеймiн, егестiм бе:
Сия алатын емеспiн дүниеге,
Қия алатын емеспiн сенi ешкiмге.
Айсана
Ұнады