Тойың тойға ұлассын
- 0
- 0
Алауламай, аймағыңа бұлқымай,
Сыпайы ылғи, сырбаз ғана бір сыңай.
Ақырын жүріп, анық басып келесің
Ел қазақтың ақын қызы Тұрсынай.
Бұл бетте «Біз жастар ертеңге сенеміз!» атты Aruushkaa03 жазған жастар туралы өлең берілген.
Алауламай, аймағыңа бұлқымай,
Сыпайы ылғи, сырбаз ғана бір сыңай.
Ақырын жүріп, анық басып келесің
Ел қазақтың ақын қызы Тұрсынай.
Елу жасың құтты болсын, Қазыбек,
Ғұмыр кешкін көктемі мол, жазы көп.
Маңайыңды арайлы ақ нұр қоршасын,
Алланың тек ақ мейірін азық ет.
Табылмас бұл кім еді деп сұраған,
Емес ол жаңа талап бак сынаған.
Қазаққа ғана емес, алуан елге
Мұқанов Сәбит сынды мәшһүр адам.
Таппай ма әр кеудеден жыр ұясын,
Жыр сүйген жүрегіме нұр құйғасын.
Құттықтап мерейтойымен мен де келдім,
Қазақтың Сазгер ұлы Нұрғисасын.
Тайбасар Ақтоты
Керемет өлең екен!
Myrza
Өте керемет!
Хафиз
рахмет керемет