Армысың, алыстағы аяулы аулым – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Армысың, алыстағы аяулы аулым» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1092
Армысың, алыстағы аяулы аулым,
Мен де кең дүниеде есен-саумын.
Тек қана, құрдастармен сайрандаған
Сағындым кербез төсін Қаратаудың.
Қараңа кезім жетпей, көңілім жетіп,
Қараймын терезеден есім кетіп.
Жалынсам соғар емес жүйрік пойыз,
Сымпылдап түстік жерден барады өтіп.
Талай көш өткен сүйдім ен даланы,
Қартаның бетіндегі мең даланы.
Көңілімнің кегершінін ұшырайын,
Ұрпақтар ауысқанмен, жер қалады.
Армысын, алыстағы аяулы аулым,
Мен де кең дүниеде есен-саумын.
Хош, хош деп қақ тұсыңнан барам өтіп,
Қол бұлғап құздарына Қаратаудың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері