Шалқыса арай ажарың – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шалқыса арай ажарың» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 922
Шалқыса арай ажарың,
Талпынады ерке жүрегім.
Түскенде қиғаш назарың,
Үмітке мас боп жүремін.
Жазуын оқып көзімнің,
Жазылмас дертке налисың.
Ұзатпай жатқан сөзімнің,
Төркінін жыға танисың.
Ел қонбаған бейне арал
Махаббаттың мен жоқшысы.
Жеткізбей қойды жас марал
Бүркітке сынған топшысы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері