Ерніңнің түгі тебіндеп – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Ерніңнің түгі тебіндеп» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 909
Ерніңнің түгі тебіндеп,
Шілдеге сары шарқ ұрар.
Қоңыр күздің кегін жеп,
Көктемге көңілім талпынар.
Атыспай назар назармен,
Тот басты оғын сабырдың.
Әзілді тежей азар мен,
Жылдарды сері сағындым.
«Ағалап» шыққан дірілден
Бастаңғы бір сыр ұғамын.
Аңдимын сыр түріңнен,
Қабарсаң – қақтай тұнамын.
Көзіңнен ұшқан ұшқыннан
Тұтанса нәзік жүрегім.
Ақылмен таптап жалма-жан,
Өшіремін де жүремін.
Зер салмайын десем де,
Зердесіз екен көз шіркін.
Мылқауша жұтып өтем бе,
Махаббаттың өз дертін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері