Әрі іні, әрі аға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Әрі іні, әрі аға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1112
Шоқан Уәлиханов хақында

Мен Шоқанға әрі іні, әрі ағамын,
Ресейді мен де еркін араладым.
Орысша мен білсем де құдды Шоқан,
Туған тілде елімді сараладым.
Жазса Шоқан әділдеп түздік заңын,
Қудалады заңшыны заманы азғын.
Лауазымнан дәметпей түбі өкініш,
Мен шертемін өлеңмен көңіл сазын.
Мінезі бар өлеңнің сан ықылым,
Мен, әрине, Шоқанша қуман ғылым.
Тойламаймын мен туған күнімді әсте,
Тұрғысынан ғылымның қалай бұным?!
Іні десем Шоқанды, болады ерсі,
Аға десем, жас жағын санап көрші.
Мен де өзгермен Ресей мүддесіне,
Болмасам да Шоқандай ақылды елші?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері