Дастархан – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Дастархан» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1423
Тілімді үйіріп, қанымды қуалар,
Сылқым шарабың жырдай шалқыған.
Жүдеген көңіл кенеттен уанар,
Тапқандай егізін жалқы жан.
Шарабың тамшы қалар ма қанымда,
Мен тауыспан берсең барыңды.
Өзгерер жүрек сауыққан таңында,
Жоғалтып жастай қосқан жарыңды.
Достым-ау, саған, оллаһи, мен ырза,
Ілтипатың шыр байлар көңілге.
Дастарқанға мен жарлы, сен мырза,
Жалынам, жаным, тек менше сөгілме!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері