Бұл бетте «Боламын жігіт сұлтаны» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
20.12.2020
0
0
5959
Алдынан атқан нұр-таңы,
Қазақтың мен бір ұрпағы.
Өскенде елін ойлайтын
Боламын жігіт сұлтаны.
Көгілдір менің аспаным,
Көп менің жақсы достарым.
Көкейге тоқып аламын
Тәлімін балабақшаның.
Ашқан соң өмір есігін
Тербелді менің бесігім.
Ардақтап жүрем қашанда
Қазақтың ұлы есімін.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі