Шырша тойы – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Шырша тойы» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 3297
Армысыңдар, халайық,
Тату-тәтті болайық.
Жаңа Жылым қош келді,
Шырша шамын жағайық.
Бармысыңдар, халайық,
Әсем әнге салайық.
Аяз Ата қолынан
Сый-сыяпат алайық.
Құтты болсын, халайық,
Шырша тойы ғажайып.
Ырысымыз көбейсін,
Жылдан-жылға молайып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері