Өнер жарысы – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Өнер жарысы» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 1
  • 16512
Сәлем бердім баршаға,
Келдім тағы ортаға.
Сынақтардан өтейін,
Қанша қиын болса да.
Жібермеймін намысты,
Қыздырамын жарысты.
Жастайымнан зерек боп
Өнерменен табыстым.
Мені туған ата-анам
Маған бәрін жасаған.
Атам-әжем – тілекшім,
Мен солардан бата алам.
Бәрің жақын келіңдер,
Өнерімді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.


Пікірлер (1)

Бақберген Айдана

Керемет Рақмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері