Сәбидей былдырласа тұнық бұлақ
Бұл бетте «Сәбидей былдырласа тұнық бұлақ» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәбидей былдырласа тұнық бұлақ,
Жағада елжірейді тыныш құрақ.
Бұлқына құшақтайды асау өзен,
Жартасты әкетердей жұлып бір-ақ.
Жағалай қойлар жатыр малшы үйлерін,
Қосады шопан әнге жан сүйгенін.
Бөктерден кең далаға көз тастаса,
Мұхиттай күн астында шалқиды егін.
Қаптатып сайға қарай жылқыларын,
Сом жігіт шаужайлайды сұр құнанын.
Келіншек жолын тосып су ұсынды,
«Дәмінен татыңыз, – деп, – бұл тұманың...»
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі