Бұл бетте «Хат» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Р-ға
Бұлқынып, бұла сезім мөлдіреген,
Көтеріп ұшты өзіңе тілегімді.
Қиналдым, бір сені аңсап елжіреген,
Қағазға түсіре алмай жүрегімді.
Әнімен әлдилеген дала-қырды,
Үн қосып бұлбұлға – таң жаршысына.
О, сәулем,
жаздым мұны қаламымды,
Матырып жанарымның тамшысына.
Жүрсің-ау, қарайлаумен жолыма көп,
Төзе тұр,
Жетем болып гүлді көктем
Хат емес бұл,
Қона қалған қолыңа кеп,
Жанымның жапырағы дір-дір еткен...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі