Жанарымда жазулы – Ақылбек Манабаев

Бұл бетте «Жанарымда жазулы» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 687
Ұнатам ба,
Әлде сені жек көрем бе,
Сұрамашы,
Сұрама,
Айта алмаймын.
Ашу ойнап от денемде,
Кектенем бе,
Арнадан асып бірақ шайқалмаймын,
Отырамын үнсіздікпен шектелем де.
Себебі не,
Тура жауап қайтармаймын.
Жанымды орап ыстық жалынына,
Өзегімді өртесе ыстық сезім,
Ілеспей құр елестің сағымына,
Сабырымды сақтайды іркіп төзім.
Мұңая да білемін,
Сүйіне де,
Жүзімнен емес әсте таң арылған,
Жазғы күндей жарқырай ма, түйіле ме,
Сырымды ұға алмайсың қабағымнан.
Оқыңдар,
Көңілімнің күйі неде?
Жүрек үкімі жазулы жанарымнан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері