Бұл бетте «Сыр» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нәр алып ақ сүтінен анашымның,
Өстім,
Ұқтым,
Жәдігөй кім,
Жанашыр кім.
Жетсем деп асыл арман биігіне,
Талабымның құнанын таң асырдым.
Көктем болып көркінен төгіліп саз,
Күзіне де үйретті өмір-ұстаз.
Аптапқа сап,
Аунатып ақ қарына,
От пен судан өткізді мені қыс-жаз.
Уақыттың меңзеп асқар, құз-белеңін,
Алдымда сайрап жатты із дегенің.
Бірақта табуға өз соқпағымды,
Бел байладым,
Бедел-олжа іздемедім.
Келемін қиынға сап өзімді кіл,
Тер төктім,
Шыңдау үшін сезімді гүл.
Болсам деймін:
Қайла ұстаған қатардағы,
Асыл жырдың кеншісі төзімді бір.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі