Астана аруына – Бақтыбай Жайлау

Бұл бетте «Астана аруына» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.12.2020
  • 0
  • 0
  • 666
Көптен бері өзіңнен үмітті едім,
Кідіртеді жүрсе де күдік кейін.
Сары уайымға, сұлуым, салдың мені
Патшаның қызын сүйген жігіттейін.
Әр нәрсені ойға алып, арман қылам,
Байлығым жоқ – бабадан қалған мұрам.
Тарту етсем деген ем ертегідей,
Бірақ та қайтсем сені таңғалдырам?
Беремін деп зәулім үй – сарай салып,
Құшқанын да білместен қалай табыт,
Жас жанын пида етіп, жар жолында
Құрбан боп кеткен жоқ па талай алып?
Ал қазір жоғары ғой талғам аса,
(Қызыға ма қыз да көз арбамаса?)
Анадай ғимараттар салу – арман,
Ғайыптан кеп құдірет қолдамаса...
Толғандырмас құс қонған ұя кімді?
«Бәйтерек» те баурап ап қиялымды.
Жыланның ауызынан қорғап қалған
Ұланның қарекетін қылам үлгі.
Жүрегіміз шалғайда сағынысар,
Оны бірақ ұға алмас тағы құс әр.
Болса ғой самұрықтай құныкерім,
Тұтатсам қылын саған алып ұшар...
Лаулатар бейбітшілік шырағын шын
Адамзат үшін ұлы, сірә, бұл сын.
Бір алқада бас қосқан дінбасылар
Ел үшін һәм мен үшін дұға қылсын.
Ақ батамен дарытсақ Хақтың нұрын,
Бәлкім, сонда жанар ма бақ жұлдызым?
Маң даланың паң мінез болмысымен
Тәнті етермін Сарыарқа жақтың қызын...
Есілдің ерке мінез толқынындай
Күлкіңмен қуанышқа толтыр ыңғай.
Каспийдей боп көңілім тасып-толсын,
Қылығым болмаса да жойқын ұлдай.
Емес мұным жүректің базынасы,
Бар айтатын сөзімнің лазымы осы.
Ерінің де еншісі, байлығы ғой –
Елінің ортақ дәулет-қазынасы.

Сондықтан да несіне қысыламын?
Сағынышымды құс қып ұшырамын.
Жанында жүрсем сыйдан кенде қылман,
Ал әзірге жырымды ұсынамын.
...Тәуекелден жас жүрек жасқана ма?
Бағым үшін, деместен «басқа қала»,
Тартып отырар күнім туар ма екен
Бетімді бұрып алып Астанаға?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана аруына өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Астана аруына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана аруына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана аруына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері