Мен туыппын ақпандатқан боранда – Ізтай Мәмбетов

Бұл бетте «Мен туыппын ақпандатқан боранда» атты Ізтай Мәмбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.01.2021
  • 0
  • 3
  • 8173
Мен туыппын ақпандатқан боранда
Кім біледі, бәлкім, әлде содан ба?!
Алақұйын мінезім бар ашулы,
Қапелімде басылам ба, болам ба?!
Өстім еркін ақ боранмен алысып,
Балалығым беттеріне қар ысып.
Асау тайды алғаш ұстап мінгенде-ақ,
Асау желмен кете бардым алысып.
Сол бетіммен өміріңе еніп ем,
Тыныштығың бұзылды бір менімен.
Күшті еді ғой мендегі зор махаббат,
Қуат алдың өзің соның лебінен.
Сүйе алмадың кей ашуды кешіре,
Қоштас күліп, қамығасың несіне.
Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн болса,
Алғайсың тек сонда мені есіңе.


Пікірлер (3)

Арсен

Рахмет әдемі өлең

Ма

Ізтай Мәмбетов туралы тақпақ

Айсұлу

Керемет өлең????????????????

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері