Сағыныш – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сағыныш» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 852
Бөлмеме айдың төгіліп нұры
Пердені самал желпиді баяу.
Ұялап жанға сағыныш мұны
Жатырмын жалғыз мен ғана ояу.
Отымның басы құлазып мүлде,
Тәрізді орның ел көшкен алқап.
Әкеттің бәрін өзіңмен бірге,
Көңілдің кетті базары тарқап.
Жалт еткен жансыз елесте көзім,
Мақпалдай қоңыр мүлгіген түнде.
Медеуім, барым бір ғана өзің,
Оралар шаттық өзіңмен бірге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері