Қанағат керек – Нұрмұханбет Фариза

Бұл бетте «Қанағат керек» атты Нұрмұханбет Фариза жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Керек емес сенің байып-шіруің,
Одан жақсы еңбектене күлуің.
Керек емес қымбат көлік мінуің,
Одан жақсы қол ұстаса жүруім.

Керек емес рестораның, кафең де,
Одан жақсы "асханашы тәтең де".
Керек емес шетел дейтін жат елде,
одан жақсы ауылыңда тәлтеңде.

Керек емес күмісің де, алтының,
Одан жақсы өлшенбейтін бар құның.
керек емес этажың да, жарқыным,
Одан жақсы шат-үйімде шалқыдым.

Шүкіршілік, болса егер қанағат,
Аллам өзі жеткізеді бағалап.
Махаббат пен сыйластықты жағалап,
Бақыт өзі тұрақтайды табандап.


Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

Ерболат

Журегим де жок алданыш ботен ой алдай алсан сенак алдап кетагой

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері