Саф Самалдар, басқамен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Саф Самалдар, басқамен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 546
Саф Самалдар, басқамен
кезiктiң бе,
жабырқаттың әйтеуiр кешiктiң де,—
дәл осындай кездерде тереземнен
тұрушы едiң аңқылдап есiп күнде,
жабырқаттың әйтеуiр кешiктiң де.
Менен жырақ алыстап кеткен бе едiң,
келер деп ем,
қайтадан өткендерiм,
тағы да дүрiлдетiп кетер деп ем
кешiктi ме шынымен Көктемдерiм!
Толкындар, шуласаңдар дауылды ап кеп,
тұнжырайды, түнерiп ауырлап көк.
Сендер де кешiктiңдер, амалым не,
жаныма төгiлетiн сауылдап кеп.
Ойланам күзгi кезгi орман құсап,
Қараймын күндерге алыс, жолдарға ұзақ.
Шақырып Самал, Толқын, Көктемдердi
тербелем кағылған бiр қоңырау құсап.
Сырымды жеткiзетiн жарандарға
жүректе — от,
ал қолымда — қалам барда
бiр өлең жасайын деп армандап ем
Көктемнен,
Толқындардан,
Самалдардан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері