Күзгi шуақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күзгi шуақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 642
Күзгi шуақ. Жоқ бүгiн желдерiм де,
маужырап тұр тоғайым, көлдерiм де
Төңкерiлiп көшетiн ақ бұлттар
мақташылар жөнелткен аспанменен.
мақтаның теңдерiндей.
Бiр керемет дауысқа салатындай
ұшатындай, қайтадан қонатындай.
бойын жазған бiр сәтке қайыңдардың
тұла бойы құбылар күн нұрымен
қырғауыл қанатындай.
...Көңiл де сұқтануға жасқанып тұр.
көзiме мөлтең-мөлтең жас толып бiр...
Сiмiрiп күзгi ауаны, күннiң нұрын
бойына жасырын күш жиып алып,
табиғат мас болып тұр.
Жалба-жалба талға да күз талаған
маужыраған шуақтан күш тараған...
Жанталасып кiшкентай шыбын-дағы
ызыңдап тұр жабысып тереземе
электр ұстарадай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері