Жалғыз жүрсем

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 619
Жалғыз жүрсем —
менi қажап ойнама!
Жалғыз жүрсем мен егер
жалғыз қалды Темiрхан деп ойлама!
Жалғыз жүрсем —
айналам мен қоймаға.
Сол қойманы ашамын мен ақтарып,
ашам оны мақтанып та, шаттанып.
Жатар онда бақытымның бақтары,
жанар онда арманымның оттары.
Шығар одан достарымның күлкiсi,
дауыстары,
сөздерi мен түр-түсi.
Табиғаттың шуылы мен қызығы —
аюлары,
жолбарысы,
түлкiсi.
Жатар онда —
көлдерiм де, шалғын да,
жатар онда —
шөлдерiм де жал, құм да.
Жалғыз жүрсем, әйтеуiр,
туған жерiм жатар көздiң алдында.
Жалғыз қалсам тар бөлмеде, шынында,
жүр де менi —
Арқа, Алатау, Қырымда,
ойымменен бәрiн кезiп шығам мен —
орман, алқап, бөктерi мен шыңын да.
Шықсам бәрiн көрiп оймен қайталап,
жалғыз қалдым деп қалайша айта алам.
Жалғыз жүрсем
кездесiп мен өлеңмен,
жалғыз жүрсем керемет бiр ой табам.
Кеудем менiң базар болар қайнаған.
Жалғыз жүрсем, әйтеуiр,
жалғыз қалды Темiрхан деп ойлама!
айналам мен қазыналы қоймаға.
Жалғыз жүрсем
тыңдап әлем үндерiн,
ұғам соның ойлары мен тiлдерiн.
Жалғыз жүрсем
бәрiмен де жалғасам,
жалғыз жүрсем –
бәрiмен де бiрiгемiн!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз жүрсем өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз жүрсем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жалғыз жүрсем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз жүрсем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері