Өкініш – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өкініш» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 910
Бір кезде сенің қиялың еді-ау,
Іздеуші ед мөлдір қара көз нұрын.
Елесіне оның қиналушы ең-ау,
Жүрсе ол бақта жырлап өз жырын.
Өмірде жолдар тоғысып небір
Жатады,
тағдыр құзыры ма екен!
Шіркін-ай, неге табысқан көңіл
Тоғыспай әсте болады бөтен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері